"Ембімұнайгаз" 1 млрд теңгеден астам айыппұл төледі

1176

Компанияның  факельдерде құрамында күкірт мөлшері жоғары 1,3 млн текше метрден астам газды заңсыз жаққаны анықталған.

"Ембімұнайгаз" 1 млрд теңгеден астам айыппұл төледі

Атырау облыстық прокуратурасы "Ембімұнайгаз" АҚ-на аймақтағы қоршаған орта жағдайына нұқсан келтіргені үшін 1 млрд. 281 млн.теңге көлемінде айыппұл салып, өндіріп алды. Нақтылай кетсек, компанияның  факельдерде құрамында күкірт мөлшері жоғары 1,3 млн текше метрден астам газды заңсыз жаққаны анықталған.

"Ембімұнайгаз" АҚ 13.06.2018-09.10.2018 жылдары аралығында ұзаққа созылған соттың тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша Прорва кен орнындағы ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысында тазартылмаған газды жағу арқылы қоршаған ортаға келтірілген зиянды өз еркімен өтеп берді. Бұл қателік бас  мердігердің газды күкірттен тазарту жүйесін уақтылы іске қосу бойынша келісімшарттың талаптарын тиісті орындамауы салдарынан болып отыр.  Прорва кен орындары тобының ілеспе мұнай  газын заласыздандыруға арналған  қондырғыны іске қосу жұмыстары  2017 жылдың маусым айында  басталды. Қондырғының барлық негізгі блоктарын іске қосу жұмыстары   уақытылы және кезең-кезеңімен жүзеге асты. Алайда, жобаның бас мердігері күкірт өндірісі, балқыту және түйіршіктеу қондырғысы – LOCAT жүйесін іске қосу міндеттемелерін дер кезінде орындамағандықтан жұмыс ұзарып кетті. LOCAT қондырғысының іске қосылуымен "Ембімұнайгаз" АҚ алау қондырғыларында газдың заңсыз жағылуы толығымен жойылды. Қазіргі уақытта  Ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысы бірқалыпты технологиялық режимде жұмыс істеп тұрдеп хабарлайды "Ембімұнайгаз" АҚ қоғаммен байланыс қызметі.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу