"ЕмбіМұнайГаздың" басшысы ауысты

1841

Есен Қайыржан бұл қызметте Әнуар Жақсыбековті ауыстырды.

"ЕмбіМұнайГаздың" басшысы ауысты

"ЕмбіМұнайГаз" АҚ-ның басқарма төрағасы қызметіне Есен Қайыржан тағайындалды. Компанияның директорлар кеңесі 16 қаңтарда осындай шешім қабылдады, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз"ҰК"АҚ баспасөз қызметі.

Бұл қызметте Әнуар Жақсыбековті ауыстырған Есен Қайыржан бұған дейін "ҚМГ"ҰК"АҚ-ның сатып алу және жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарып келді.

Есен Қайыржан 1962 жылдың 15 қарашасында туылған.  В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, В. П. Горячкина атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетін, РФ Үкіметі жанындағы халық шаруашылығы Академиясының ГОУ ВПО бітірген. Соңғы атқарған қызметі– "Қаражанбасмұнай" АҚ Президенті. ҚБМ президенттігіне сайланғанға дейін "Торғай-Петролеум" АҚ Бас директоры қызметін атқарған, "Құмкөл-Лукойл" АҚ, "Өңтүстікмұнайгаз" ГАҚ, "Маңғышлақмұнай" бірлестігінің "Жетыбаймұнай" МГӨБ компанияларында жұмыс істеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу