Ақтау маңында ұшағы апатқа ұшыраған Embraer компаниясы ресми мәлімдеме жасап, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Қазақстанның Ақтау қаласына жақын жерде Embraer 190 ұшағымен болған оқиға бізді қатты күйзелтті. Осы оқиғадан зардап шеккендердің отбасыларына, дос-әріптестер мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз және тиісті органдарға қолдау көрсетуге толық дайынбыз, – делінген компанияның ресми сайтындағы хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу