Емделіп шыққанан кейін де инфекция анықталған науқастар болды – Ажар Ғинаят

849

Коронавирусқа қарсы иммунитет неше күнде пайда болады?

Емделіп шыққанан кейін де инфекция анықталған науқастар болды – Ажар Ғинаят

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят Қазақстанда коронавируспен қайталап ауырған жағдайлар болмағанын айтты.

"Қазақстанда коронавируспен қайта ауыру жағдайы тіркелмеген. Күрделі кезеңін өткеріп, тест тапсырғанда оң нәтиже шыққан жағдайлар бар. Мұны мамандар бұрынғы инфекцияның қалдықтары деп бағалап отыр. Сондықтан Қазақстан аумағында бұл індетпен қайталап ауырған дерек жоқ деуге болады. Ал иммунитеттің қанша уақытта пайда болатыны туралы әлем ғалымлары да нақты жауап таба алмай отыр. Оны мамандар әр науқастың инфекцияны қаншалықты ауыр өткергеніне байланысты деп отыр", – министрлік өкілі. 

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу