Бұл бір ғана адамның басында емес, екі бойжеткеннің басынан өткен жағдай екен. Бұл туралы олардың аналары мәлімдеген. Осыған қарамастан науқастарға азғындық жасады деген орталық қызметкерлері әлі күнге дейін жауапқа тартылмаған, деп хабарлайды inbusness.kz сайты Qaz365.kz сілтеме жасап.
Шарасыздықтан анасы БАҚ-қа арызданған. 17 жастағы қызына үш жыл бұрын шизофрения диагнозы қойылып, содан бері ол психикалық денсаулық орталығында ем алған. Алайда облыстық мекемеге емдеуге жіберген қызын зорлап келген. Науқас қызының бойына бала біткенін анасы екі ай өткенде білген.
Анасы қызын екі мәрте УЗД-ға түсірген, онда олар жүктілік 10 апта 4 күн деп берген.
"Сол кезде құрсағына біткен сәбидің екі жарым айлық екенін білдік. Тергеу кезінде қызым "темір кереуетке, теледидар бөлмесінде, камерасы жоқ жерде аяқ-қолын темір кроватқа байлап, тартып, ұйықтататын аминазин деген уколды салып тұрып, екі санитар істеді. Сондай-ақ, камерасы жоқ жерде баспалдақта, төбені жинайды деп шығарып, тағы шатырда зорлады" деп орталық қызметкерлерінің айуандығын айтып берді", – дейді анасы.
Ол екі санитардың үстінен арызданған. Бірақ, қылмыстық іс қозғалып, ешқандай әрекет жасалынып жатпағанын айтады. Амал жоқ адвокат жалдапты. Жәбірленуші анасының камерадағы жазбаны өздері өшіріп тастамады ма деген күмәні де жоқ емес.
Түркістан облысының психикалық денсаулық орталығы аталған жайт бойынша пікір білдіруден бас тартқан. Ал арызды бірнеше айдан кейін қабылдады деген полицейлер әлі күнге дейін сараптама жүргізіліп жатқанын жеткізген.
Ал Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының бастығы Батыр Мырзагелдиев аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар өткізіліп жатқанын айтыпты.
Жындыханада зорландым деген екі науқас та қазір үйінде. Кәмелет жасына толмай жүкті болып шыққан біреуі жасанды түсік жасатқан.