Емхана меңгерушісіне қол көтерген әйел 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды

128

Жанжалдың туындауына еңбекке жарамсыздық парағының берілмеуі себеп болған. 

Емхана меңгерушісіне қол көтерген әйел 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды Фото: Passion.ru

Жетісу облысына қарасты Кербұлақ ауданында емхана меңгерушісіне қол көтерген әйел 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық соттың мәліметінше, оқиға 2 қазан күні сағат 17:00-де болған. Әйел орталық аудандық ауруханаға ұлының еңбекке жарамсыздық парағының берілмеу мәселесі бойынша барған. Дәрігер бұндай құжат беруден бас тартқаннан кейін тұрғын емхана меңгерушісіне барған. Әйел кабинетке кірген соң телефонды қолына алып, видеоға түсіре бастаған. Телефонын тартып алмақ болған меңгерушінің қолынан соққан.

"Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, емхана меңгерушісінің оң жақ білегі көгергені анықталған, олар қатты соққы әсерінен пайда болған. Бірақ денсаулыққа зиян келтірмейтін жарақат деп танылды. Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес, жасалған қылмыстық құқықбұзушылық қылмыстық теріс қылық санатына жатады", – делінген хабарламада.

Әйел адам айыпты деп танылып, оған 100 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу