Емхана төсектерінің 21 пайызы бос емес – бас санитар

1224

Айжан Есмағамбетова емханалардың коронавируспен күресте қаншалықты үлгеріп жатқаны туралы айтты.

Емхана төсектерінің 21 пайызы бос емес – бас санитар

"Бүгінде медициналық мекемелердегі төсек орындарының 21 пайызы бос емес. Ең көп жүктеме Алматыда. Мұнда төсектердің 43 пайызы бос емес. Атырау облысында жүктеме 35 пайызды құрады. Бүгінде коронавирустен емдеуге және оның алдын алуға 16 мың медицина қызметкері жұмылдырылған. Тағы 10 мың қызметкер резервте тұр. Тағы бір мәселеге назар аударғым келеді. Карантин жағдайында барлық медицина мекемелерінде жоспарлы көмектің көлемі шектелген. Сәйкесінше,  кез келген медициналық мекеменің барлық персоналы коронавирус науқастарына көмеутесуге жұмылдырылуы мүмкін", – деді бас санитар онлайн-брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу