Емханаға электронды үкімет порталы мен Telegram-бот арқылы тіркелуге болады

1681

Сұранымды рәсімдеу кезінде қандай да бір кедергілер туындаған жағдайда, 1414 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

Емханаға электронды үкімет порталы мен Telegram-бот арқылы тіркелуге болады

Енді ата-аналар үшін электронды үкімет порталы мен Telegram-бот egov.kz. арқылы өз балаларын емханаға тіркеу мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды Астаналық әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

"Портал арқылы қызмет алу үшін egov.kz-те тіркелу және электронды цифрлық қолтаңбаның болуы жеткілікті. Бұл жерде аталған қызмет түрі бойынша 2007 жылдан бергі туылған балаларды тіркеуге болатындығын айта кеткен жөн"- дейді қор директоры Н.Қабдықапаров.

Еgov.kz порталының "Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" бөлімінде балаға қызмет көрсету командасын таңдап, оның жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет. Туыстық байланысты тексеру үшін сұрау салу АХАЖ-ға бағытталады. Мәлімет расталғаннан кейін тізімнен бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымын (БМСКҰ) таңдап, сұранымды толтыруға болады. Өңделген сұраным сіздің Жеке кабинетіңізге жіберіледі.

Егер сіздің ұялы телефоныңызда Telegram мессенджері орнатылған болса, аталған қызметті https://t.me/EgovKzBo сілтемесіне өтіп,  Telegram-бот арқылы алуға болады. Ол үшін телефон нөміріңіз электронды порталдың профиліне бекітілуге тиіс. Электронды цифрлы қолтаңбаның болуы міндетті. Тіркеу кезеңдерінің барлығынан өткеннен кейін, тіркелуге онлайн-сұраным толтырылады.

Астана қаласы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың тізімі  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтындағы "Клиниканы таңдау" бөлімінде орналастырылған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу