Емханаға мүлдем қаралмайтын "сақтандыру" мәртебесі бар азаматтардың ақшасы қайда кетеді?

629

Ай сайын жарна төлеп, бірақ емханаға бір жыл ішінде жүгінбейтіндер қайтпек? Қорға аударған ақша қайда кетеді? 

Емханаға мүлдем қаралмайтын "сақтандыру" мәртебесі бар азаматтардың ақшасы қайда кетеді?

Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Егер сіз бір жыл ішінде медициналық көмекке жүгінбесеңіз, онда сіздің қаражатыңыз қажеттілігіне қарай жарна төлеген басқа азаматтардың еміне пайдаланылады. Яғни ынтымақтастық қағидаты қорға түсетін қаражатты санаттарға бөлместен бәріне бөлуге және жұмсауға негізделген. Сіз медициналық көмекке жүгінбесеңіз, қаражатыңыз сізге жеке жинақталмайды және басқа азаматтарды емдеуде қолданыла алады", – деді Қор өкілі.

Спикер бір жылғы жарнаның "күйіп кетпейтінін" де айтты.

"Сіздің ақшаңыз күйіп кетпейді. Біздің қорда осы азаматқа немесе оның ЖСН-іне тіркелген дербес шоттар жоқ. Сіз медициналық көмекке жүгінбесеңіз, онда әлеуметтік жауапкершілік қағидаты бойынша қаражатыңыз жақындарыңыздың, достарыңыздың, туыстарыңыздың, соның ішінде бейтаныс адамдардың еміне де жіберіледі", – деп қорытындылады ол.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу