Емханаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмекті енді QR код арқылы алуға болады

594

Осылайша пациенттерге дәрілік рецепттің қағаз нұсқасын алып жүрудің қажеті болмайды. 

Емханаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмекті енді QR код арқылы алуға болады Фото: Inform.kz

Әзірге пилоттық жоба Астана қаласында іске қосылған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігі Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп egov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде "әлеуметтік әмиян" жобасын жүзеге асыруда.

"Мәселен, дәрігердің азаматқа жазып берген рецепті eGov Mobile-да қолжетімді болады. Пациент емханадағы дәріханаға барып, QR код көрсетеді. Өз кезегінде фармацевт ақпаратты қолмен енгізудің орнына QR кодты сканерлеп, рецепт бойынша пациентке дәрі береді", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бүгінгі таңда пилоттық жоба елорда емханаларында іске қосылған.

"Азаматтарды аталған сервисті пайдалануға шақырамыз. 26 сәуірдегі жағдай бойынша 1005 адам QR код ұсыну арқылы дәрі алды. Биыл басқа өңірлерде де пилоттық жобаны кеңейту жоспарланып отыр", - деп атап өтті Бейбіт Есенбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу