Емханалардағы фильтр-кабинетте кімдер қабылданады?

1406

9 ПТР-зертханада 305 мыңнан астам зерттеу жүргізілді.

Емханалардағы фильтр-кабинетте кімдер қабылданады?

Нұр-Сұлтан қаласының барлық емханаларында 10 тамыздан бастап алдын ала жазылу бойынша жоспарлы қабылдау жүріп жатыр. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.  

Оның сөзінше, қабылдау барысында күшейтілген санитарлық-эпидемологиялық талапты қатаң сақтауға басымдық берілген. 

"Дәрігерлер ересектер мен балаларға профилактикалық тексеру жүргізеді. Оның ішінде скрининг, жоспарлы стоматологиялық қызмет, оңалту шаралары, медициналық-әлеуметтік қолдау, медициналық-әлеуметтік сараптамаға медициналық құжат рәсімдеу, психологиялық көмек, күндізгі стационарлардың жұмысы, тәуліктік және күндізгі стационарларға жоспарлы емдеуге жатқызуға рұқсат беру шаралары қамтылады", – деді басқарма басшысы.

Тимур Мұратовтың мәлімдеуінше, емханалар таңғы сағат 08:00-ден кешкі 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Коронавирус инфекциясының белгілері бар адамдар фильтр-кабинетте қабылданады. 

"Қазіргі уақытта қалада 9 ПТР-зертхана жұмыс істеп тұр. Мұнда 305 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. Әкімдік медицина мекемелеріне 600-ден астам флоуметр, 500 оттегі концентраторын, 500 арнайы керует, өкпені жасанды желдету және компьютерлік томография аппараттарын жеткізді. Шілде айының 2 аптасында қалаға пневмония, коронавирус және басқа да ауруларды емдеуде қажет 110 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілді", – деді Тимур Мұратов.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу