Емханалардағы толассыз кезек жыры қашан бітеді? – министр жауабы

445

Ажар Ғинияттың сөзінше, мемлекеттік тапсырысты алған кейбір жекеменшік клиникалар өздерінің қызметінің басым бөлігін аутсорсинге берген. 

Емханалардағы толассыз кезек жыры қашан бітеді? – министр жауабы Фото: Inbusiness.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжіліс кулуарында емханалардағы толассыз кезек мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бірінші кезекте елімізде цифровизация дамып жатқанын атап өту керек. Оны бір жылдың ішінде жасап бітіре алмаймыз. Бұл үлкен жұмыс. Қазақстан медицинасындағы цифровизация жақсы дамып келе жатқанын атап өту керек. Екінші мәселе – инфрақұрылым. Соңғы 30 жылда әсіресе ірі қалаларда емханалар салынбады. Мәселен, Астанадағы бір емхананың қуаты 60 мың адамды қабылдауға арналса, олар 80-90 мың адамға қызмет көрсетуге мәжбүр. Бұл өз кезегінде кезектердің пайда болуына әкеледі, дәрігерге қосымша жүктеме болады", - деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Ажар Ғиният МӘМС жүйесі аясында жекеменшік клиникаларға мемлекеттік тапсырысты беру туралы шешім қабылдағанын еске салды.

"Кейбір емханалар жұмысына адал қарап, қордың алдындағы келісімшарт міндеттемелерін орындайды. Алайда кейбір клиникалар өздерінің 80 пайызға жуық қызметін аутсорсингке беріп, азаматтарға бүкіл қаланы айналып жүруге тура келеді. Енді біз талапты қатаңдатпақпыз. Медициналық қызметтің көрсетілу сапасын талап ететін уақыт келді", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу