Емханаларға бекіту науқаны басталды

712

Емханаларға бекіту науқаны басталды

Қазақстанда емханаларға бекіту науқаны басталды. Бұл туралы апта сайынғы брифингте ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.

1950 жылдың 7 сәуірінен бастап жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді. 1948 жылы осы күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылған болатын. Содан бері әлемнің 200-ге жуық мемлекеті осы ұйымға мүше болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Қазақстан Республикасы 1992 жылы 19 тамызда 180-ші мүше мемлекет ретінде қосылды.

"Қазақстан Алматыда 1978 жылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөнінде өткен ДДСҰ/ЮНИСЕФ-тің халықаралық конференциясында әлемдік қоғамдық денсаулық сақтау деңгейінде мойындалып, дүниежүзіндегі денсаулық сақтаудың дамуына елеулі әсерін тигізді", – дейді Мұрат Жұманбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу