Баскетболдан Қазақстан ерлер командасының бас бапкері қызметіне Эмиль Райкович тағайындалды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол "Астана" президенттік баскетбол клубына да басшылық етеді. Эмиль Райкович македониялық бұрынғы кәсіби баскетболды. Бапкердік қызметін 2006 жылы бастаған ол Еуропадағы бірнеше клубтарда қызмет атқарған.
2008-2014 жылдар аралығында төрт рет Македонияның үздік бапкері атанды. "Астана" командасы Райковичтің бастауымен 2018/2019 жылғы маусымды сәтті өткізді. Елордалықтар 15 рет жеңіске жетіп, маусым соңында алтылыққа енді.
Эмиль Райкович 2021 жылы өтетін Азия кубогі додасына Қазақстан құрамасын бастап апарады.