Эмир Байғазин Голливудтың баспасөз ассоциациясының грантына ие болды

823

Режиссерге жеңіс әкелген оның "Өзен" фильмі болды.

Эмир Байғазин Голливудтың баспасөз ассоциациясының грантына ие болды

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған алты режиссер Hollywood Foreign Press Association (Film Independent серіктестік негізінде құрылған) тағайындаған алғашқы резиденттік грантқа ие болды. Бұл тізімде Венеция кинофестивалінің "Көкжиектер" секциясында "Үздік режиссер" атанған отандық режиссер Эмир Байғазиннің де есімі бар, деп хабарлайды kazakhfilmstudios.kz.

Грантқа ие болған киногерлер белді режиссерлердің жетекшілігімен өтетін семинарларға, шеберлік сағаттарға қатысу үшін келесі жылы қаңтардың 2-сі мен 23-і аралығында Лос-Анджелес қаласына аттанады. Жеңімпаздар Film Independent ұйымдастыруымен білім беру бағдарламаларына, көрсетілімдерге, сондай-ақ жыл сайын өткізілетін 76-шы "Алтын Глобус" салтанатына қатысады.

Сонымен қатар, Торонто кинофестиваліндегі "Платформа" конкурстық бағдарламасының жеңімпазы анықталды. Бұл байқаудың басты жүлдесі режиссер Хо Ви-Динның "Бақытты қала" фильміне бұйырды. Ал Эмир Байғазиннің "Өзен" фильмі қазылар алқасының құрметті аталымына ие болды. 

"Фестиваль барысында біз 12 фильмді көріп тамашаладық. Авторлық киноның болашағы  сенімді қолда екеніне үмітіміз зор. Сондықтан да жеңімпазды анықтау бізге қиын болды. Қазылар алқасының атынан (Бела Тарр, Мира Наир, Ли Чанг-дон) Эмир Байғазинді және поэзиялық оқиғасы бар, баурап алатын көріністері бар, айрықша әдемі түсірілген "Өзен" фильмін ерекше атап өткіміз келед"і, -   деді сахна төрінен фестивальдің "Платформа" бағдарламасы қазылар алқасының мүшесі Ли Чхан Дон.

Айта кетсек, Screendaily басылымы ұйымдастырған халықаралық киносыншылар рейтингі бойынша "Өзен" фильмі және аргентиналық режиссер Бенжамин Найштаттың "Рохо" фильмі 1-ші орынды иеленді.

"Өзен" фильмі өркениеттен алыс  жерде тұратын, қаладан келген қонақтан кейін өмірлері күрт өзгере бастаған  бес ағайынды туралы баяндайды. Фильмнің түсіру жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу