Emirates Қазақстанға рейстер ашуды қарастырып жатыр

337

Әуекомпания рейстерді 2024 жылы іске қосуды жоспарлап отыр. 

Emirates Қазақстанға рейстер ашуды қарастырып жатыр Фото: Inbusiness.kz

Emirates Әуекомпаниясы Қазақстанға рейстер ашу мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.                                           

Хабарланғандай, ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Иран және Орталық Азия бойынша өңірлік менеджер Мұхаммед Сәлім Әлхаммади мырза бастаған Emirates авиакомпаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.                                           

Кездесу барысында авиакомпания Қазақстанға рейстерді 2024 жылы ашуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Рейстерді ашу мерзімі "Боинг-787" және "Эйрбас-А350" әуе кемелерін жеткізумен байланысты.                                           

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының және Біріккен Араб Әмірліктерінің авиациялық билік орындары арасындағы уағдаластықтарға сәйкес елдер арасында "ашық аспан" режимі қолданылады, оған сәйкес елдер арасында авиакомпаниялар, маршруттар, рейстерді орындау жиілігі және әуе кемелерінің сыйымдылығы бөлігінде рейстерді орындауға шектеулер жоқ.                                           

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасына Emirates авиакомпаниясының рейстерін ашу мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.                                           

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу