Emirates компаниясының басшысы отставкаға кетеді

637

Ол компанияда 35 жыл жұмыс істеген. 

Emirates компаниясының басшысы отставкаға кетеді

Emirates әуе компаниясының президенті Тим Кларк 2020 жылдың маусым айында қызметінен кетеді. Бұл туралы CNBC басылымы хабарлады. 

Emirates – әлемдегі ең ірі әуе компанияларының бірі. Ол жолаушы және жүк тасымалымен айналысады. Кларк компанияға 35 жылын арнаған, оның 17 жылында басшылық қызметте болған.

Қазан айында Кларк Emirates паркін 2025 жылға дейін 30%-ға кеңейту туралы жоспарымен бөліскен болатын. Ал қараша айында ол компанияның Дубайда орналасқан бөлімшесі бұл процесті 2020 жылдың басында бастайтынын мәлім етті. Әзірге бұл бастамалардың жүзеге аспауы не аспауы туралы ресми мәлімдеме жарияланбады. 

Қазіргі таңда Emirates-те 270 ұшақ бар, оның 12-сі жүк тасымалымен айналысады. Жақында алпауыт компания Boeing-тен 30, Airbus-тан 50 лайнер сатып алмақ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу