Франция үкіметі талантты кәсіпкерлер мен зерттеушілерге арналған “технологиялық” виза беретін болды. Бұл туралы ел президенті Эммануэль Макрон Viva Tech конференциясында айтты, деп хабарлайды naryk.kz.
Оның айтуынша, Франция инновация мен стартаптар еліне айналуы тиіс.
“Технологиялық” визалардың берілуі Францияға талантты қызметкерлерді әлемнің түкпір-түкпірінен тартпақ. Ел үкіметі олардың еркін кәсіп ашуы мен зерттеу жасауы үшін қолайлы жағдай жасамақ. Сонымен қатар, ақшалай қолдау көрсетеді.
Аталған виза 4 жылға беріледі. Айта кетерлігі, виза иесі өзінің отбасы мүшелерін де алып бара алады.
"Мен Францияға кәсіпкерлер мен ғалымдарды шақырамын. Біздің ұлт инновация және стартаптар ұлты болуы керек", — деді ел басшысы.
Сонымен қатар, Макрон Еуропада біріңғай цифрлы нарық құру керектігін айтты.