Эмманюэль Макрон: Қазақстан – Еуропа мен Азия арасын байланыстыратын алтын көпір

264

Қазақ-француз бизнес форумында Франция Президенті Эмманюэль Макрон сөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Эмманюэль Макрон: Қазақстан – Еуропа мен Азия арасын байланыстыратын алтын көпір Фото: aqorda.kz

Ол өз сөзінде Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсатын жоғары бағалады.

Сондай-ақ Қазақстанның бұл бағыттағы бастамаларын қолдауға дайын екенін жеткізді.

Эмманюэль Макронның айтуынша, Қазақстан – Еуропа мен Азия арасын байланыстыратын алтын көпір. Франция Президенті серіктестікті көлік бағыттары, ең алдымен "Орта дәліз" арқылы дамыту маңызды деп санайды.

Эмманюэль Макрон Францияның аталған көлік магистралін өркендетуге өз үлесін қосуға дайын екенін айтты.

Франция басшысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың перспективасы зор екенін атап өтті.

Эмманюэль Макрон сөзін қорытындылай келе, өзара мүддені көздейтін көптеген саладағы ықпалдастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу