Балаларды мектепке қабылдау ережесі өзгерді

453

Енді балаларды бірінші сыныпқа қабылдау кезінде лицейлер мен гимназияларға емтихан өткізілмейтін болды. 

Балаларды мектепке қабылдау ережесі өзгерді Фото: matritca.kz

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев 1-сыныпқа қабылдауға емтихан өткізуге тыйым салынатын ереже енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енді балаларды бірінші сыныпқа қабылдау кезінде лицейлер мен гимназияларға емтихан өткізілмейтін болды. 

"Біріншіден, заңға енгізілген өзгерістер оқушыларға бастапқы білімді игеруге, танымдық қабілеттер мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға тең мүмкіндік береді. Екіншіден, тестілеуге, әңгімелесуге қатысудан психологиялық күйзеліс, конкурстық іріктеуді күтуден жағымсыз тәжірибелер жойылады. Бұл жағдай баланың психоэмоционалды жағдайын нашарлату және оның денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Үшіншіден, конкурстық іріктеу нәтижелеріне ата-аналардың наразылығы азаяды. Балаларды мектепке қабылдау рәсімінің қоғамдық резонансы болмайды", - деді Қаныбек Жұмашев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу