"Емтихан жоқ" – колледжге түсу үшін аттестаттың орташа балы есептеледі

2469

Биыл колледждерге түсетін балаларға техникалық және кәсіптік білім беруге 45 мың орынға республикалық бюджеттен 10 млрд бөлінді. Сөйтіп мемлекеттік тапсырыс 40% ұлғайтылды. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Емтихан жоқ" – колледжге түсу үшін аттестаттың орташа балы есептеледі

"Оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары алынып тасталды, енді олар аттестаттың орташа балы арқылы қабылданады, талапкер 4 колледж бен 4 мамандықты өзі таңдайды, 3-ке дейін бірнеше біліктілік алуға мүмкіндік берілді, кәсіпорындарға мақсатты мемлекеттік тапсырыс берілді, енді кәсіпорындар студенттерді өздері таңдап, оқу бағдарламаларын оқу орнымен бірге жазып, қажетті мамандарды мерзімінде дайындай алады. Льготалық қабылдау квотасының тізбесі 9 санатқа дейін кеңейтілді", - деді министрдің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу