Ең аз екі жыл ішінде Сириялықтарды қайтарамыз - Кылычдароғлу

620

Түркия президенттігіне үміткер Кемал Кылычдароғлуның Антальяда сайлауалды митингісі өтті. 

Ең аз екі жыл ішінде Сириялықтарды қайтарамыз - Кылычдароғлу Фото: Anadolu Agency

Анталья тұрғындарымен кездескен кандидат екі жыл ішінде босқындар мәселесін шешуге уәде берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Алдағы жексенбіде түрік халқы 13-ші президентін сайлайды. Қазір үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының қызған шағы. 

Ұлт альянсы атынан сайлауға түскен республикалық халық партиясының төрағасы Кемал Кылычдароғлу Анталья тұрғындарымен кездесіп, бірқатар уәделерін ортаға салды. Оның айтуынша егер осы сайлауда жеңіске жетсе, кем дегенде екі жыл ішінде Сириялықтар өз еліне қайтарылады.

- Ресми ақпарат бойынша елде 3 миллион 600 мың Сириялық бар. Ал Ауғанстаннан келгендердің саны белгісіз. Мен, Кемал мырза, 85 миллион халыққа уәде беемін. Біз екі жыл ішінде Түркияны паналаған Сириялықтарды Отанына қайтарамыз, - деді митингіде сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, алты партиядан құралған Ұлт альянсының "Дағдарыстан шығудың жолы" деп аталатын сайлауалды бағдарламасында "уақытша қорғалған сириялықтардың өз елдеріне мүмкіндігінше тезірек оралуларын қамтамасыз етеміз" делінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу