Ең бай адамдар тізімінде Билл Гейтс бір сатыға төмендеді

1179

Bloomberg Billionaires Index бойынша, Гейтс соңғы жеті жылда екінші сатыдан түспеген екен.

Ең бай адамдар тізімінде Билл Гейтс бір сатыға төмендеді Фото: bloomberg.com

Соңғы дерек бойынша, екінші орынға француз миллиардері Бернар Арно табан тіреді. Тізім басында Amazon басшысы Джефф Безос тұр. 

Арноның қазіргі капиталы 107,6 млрд долларды құрайды. Ал Microsoft компаниясының негізін қалаушысында одан 200 миллион долларға аз. 

2019 жылы LVMH президенті Арноның байлығы 39 миллиард долларға артып, өткен айда әлемдегі ең ауқатты 3 адамның қатарына қосылған болатын. Ол Еуропадағы ең бай адам саналады. 

Айта кетсек, өртеніп кеткен Нотр-Дам шіркеуін қалпына келтіруге Арно мен оның отбасы мүшелері 650 миллион доллар бөлген еді. 

Егер де Билл Гейтс қайырымдылықпен айналыспағанда, ол әлемдегі ең бай адам болып есептелетін еді. Ол Bill & Melinda Gates қорына 35 миллиард қаржы құйған. 

Безос жұбайымен айырылысса да, оның биылғы капиталы 125 миллиард долларға дейін көтерілген. Ресми дерекке сүйенсек, оның бұрынғы жары әлемдегі ең бай әйелдер тізімінде 4-орында.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу