Еліміздегі кезектен тыс Президент сайлауында ең бірінші дауыс берген Қазақстан азаматы тіркелді. Ол Жапониядағы Васэда университетінің студенті – Ілияс Құрманғали.
Бүгін Президент сайлауында шетелде жүрген 13 мыңнан астам қазақстандық дауыс береді. Солардың ішінде Жапония мен Кореядағы отандастарымыз Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 4-тен бастап жұрттың алды болып сайлауға қатысуда.
Айта кетсек, еліміздегі кезектен тыс Президенттік сайлауға орай әлемнің 51 елінде 65 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу