Қазақстандықтар 47 мыңнан астам ескі көлік тапсырған

909

Қазақстандықтар 47 мыңнан астам ескі көлік тапсырған

Ескі көліктерді сатып алу бағдарламасы басталғалы бері 2016 жылдың қазанынан бастап утилизацияға 47 111 пайдаланудан шыққан көлік құралы өткізілген. Бұл туралы ӨКМ операторының баспасөз қызметінен хабарланды, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

Халыққа төленген ақшалай өтемнің жалпы сомасы 5,98 млрд теңгені құрайды.

"Жеңілдік сертификатымен ескі көлік тапсыру бойынша Шымкент қаласы алда тұр. Бұл қаладан сертификат бағдарламасы бойынша 1216 көлік өткізілген. Одан кейінгі орында Қостанай тұр. Қала тұрғындары 971 автокөлік тапсырған. Үздік үштіктің соңында Алматы тұр. Мегаполис тұрғындары 867 жарамсыз көлікті  жеңілдік сертификатына айырбастаған", - дейді баспасөзден.
Өткізілген автокөліктер арасында "ВАЗ-2105", "ВАЗ-2106", "ВАЗ-2101", "ГАЗ-3110", "Москвич-2140" және "Мазда 626" маркалары жиі кездеседі. Ал тапсырылғандар арасында ең ескі көлік -  1942 жылы шыққан "Москвичті" Семей тұрғыны өткізген екен, "ең жас" көлік -  2015 жылғы шығарылымнан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу