Малайзиялық Top Glove Corporation BHD 2021 жылдың үшінші тоқсанында коронавирустық пандемия кезінде бір реттік қолғапқа деген сұраныстың артуына байланысты таза пайдасының 485%-ға өскенін мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz малайзиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Компания наурыз және мамыр аралығында таза пайда көлемі бір жыл бұрын 2,04 миллиарда ринггитке дейін яғни 495,63 миллион долларға дейін артқанын жариялады. Refinitiv мәліметі бойынша, UBS бұл компания 2,54 миллиард ринггит көлемінде табысқа кенелетінін болжаған.
Top Glove кірісі 147%-ға өскенін, яғни 1,69 миллиард ринггиттен 4,16 миллиард ринггитке жеткен.
Компанияның акциялары 1,67%-ға көтерілді. Ал жыл басынан бері Top Glove қағаздары 22%-ға төмендеп отыр.
Табиғат Нұрболат