Ең ірі сақтаулы қор пандемия арқасында миллиардтаған қаржыға кенелді

501

Норвегияның Мемлекеттік зейнетақы қоры америкалық нарыққа инвестицияны көптеп құюды жоспарлап отыр.

Ең ірі сақтаулы қор пандемия арқасында миллиардтаған қаржыға кенелді Фото: rbc.ru

Әлемдегі ең ірі сақтаулы қор деп есептелетін Норвегияның Мемлекеттік зейнетақы қоры пандемия кезінде технологиялық компаниялардың қымбаттауының арқасында ондаған миллиард доллардай қаражат өндірді. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады.

Нақтырақ айтқанда, қор 2020 жылдың үшінші тоқсанында 44 миллиард доллар тапқан. Инвестициядан келген кірістілік деңгейі 4,3%-ға жеткен. Бұл корольдіктің қаржы министрлігі бекіткен көрсеткіштен үш базистік пунктке төмен.

Алдағы уақытта қор оң динамикаға ие америкалық нарыққа инвестицияны көптеп құюды жоспарлап отыр. Мысалы, Nasdaq Composite индексі наурыз айындағы минимуммен салыстырғанда 70%-ға өскен. 23 наурызда көрсеткіш 6860,67 пункт болса, 14 қазанда 11768,73 пунктке дейін көтерілген. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу