Еліміздің жер қойнауында 2 трлн текше метрден астам газ қоры бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты LSM.kz-ке сілтеме жасап.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегінше, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ел аумағында 252 газ кен орны анықталған, олардың жалпы өндірілетін қоры – 2,1 трлн текше метр.
Ең көп көгілдір отын Атырау облысында шоғырланған. 79 кен орнында 1,8 трлн текше метр газ бар.
Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 100 млрд текше метрден астам газ қоры бар. Жалпы, еліміздің сегіз өңірі табиғи газ қорына бай.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу