Ең көп вакцинацияланған елдер аталды

1077

Бірқатар ел ревакцинация процесін бастады.

Ең көп вакцинацияланған елдер аталды Фото: reuters.com

Вакцинацияланған халық саны бойынша көш бастап тұрған елдер аталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл тізімде Біріккен Араб Әмірліктері (65,1%), Чили (64,5%), Бельгия (60,6%), Израиль (59,5%), Испания (59%) бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус халықтың басым бөлігі екі рет вакцинацияланған елдерді ревакцинацияны тоқтата тұруға және препараттарды кедей елдермен бөлісуге үндеді.

Ревакцинацияның басталғаны туралы жариялаған елдер – Израиль, Франция, Германия, Таяу Шығыс елдері және Ресей. ДДСҰ басшысы халқының 10%-дан кемі егілген елдерге үдеткіш вакциналарды жіберуді ұсынды. Олардың қатарында Уганда (0,1%-дан аз), Чад Республикасы (0,1%), Түрікменстан (0,2 %), Орталық Африка Республикасы (0,2%) және Мавритания (0,2 %) кіреді.

Гебрейесус елдерді халықтың әлеуметтік жағынан осал бөлігіне, ауруға шалдығу қаупі жоғары топтарға назар аударуға үндеп отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу