"Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып келдім. Баға басқа өңірлерден неге жоғары деген сұрақ сол кезде де қойылған. Недәуір айырмашылық бар екені рас. Түркістан облысында мың текше метр газ – 31 мың теңге. Шынын айтқанда, қазіргі уақытта Түркістан облысына газ жеткізу бағасы 38 мың теңге болуы керек. Егер 2025 жылға қарай экспортты тоқтатар болсақ, қосымша кіріс болмайды, кен орындары мен тасымалдаушы компанияларды жабу керек болады. Бізге бірінші орындағы мәселе – газбен тұрақты қамту. Оңтүстікте газ өндіретін орталық жоқ. Қазір "Амангелді газ" деген компания іздестіру жүргізіп жатыр", – деді Ақшолақов.