Ең нашар балабақшалар өздігінен-ақ жабылып қалады – Асқар Ибраимов

Пилоттық жоба жайындағы қоғам пікірі қақ жарылған еді. 

Ең нашар балабақшалар өздігінен-ақ жабылып қалады – Асқар Ибраимов Фото: Pixabay.com

Inbusiness.kz тілшісі бұған дейін ваучерлік қаржыландырудың тиімсіз тұсы туралы да жазды. 
Қаржы орталығы" АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимовтың айтуынша, ендігінде қаржы ұйымдар арасында бөлінбейді, ата-аналардың арнайы шоттарына ғана аударылмақ. Өз кезегінде олар баласын қай балабақшаға беру керегін таңдауға құқылы. 

– Ваучерлік қаржыландыру ата-ананың балабақшаны өз еркімен таңдауын қарастырады. Осылайша, барлық балабақша балалар үшін жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, ата-аналар сапаға назар аударады. Ата-аналар бас тартатын ең нашар бақшалар өздігінен жабылады немесе білім беру сапасын жақсартуға көшеді. Біз сондай-ақ "жалған тіркеуге" қатысты ұзақ жылғы мәселені шешеміз. Баланың деректерін цифрландырудың арқасында біз оның деректерін ғана емес, сонымен бірге бұл деректерді басқа ақпараттық жүйелермен салыстыра аламыз. Неге, мысалы, бала бір қаланың балабақшасында оқып, ал екінші қалада емханаға баратын жағдайлар кездеседі. Мұндай пакет аномальды факторларға жауап беруге және белгілі бір білім беру ұйымында қызмет ала алмайтын жанама "жалған тізімдерден" тазартуға мүмкіндік береді, – дейді ол.

Еске салайық, балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру жүйесі 3 қалада (Тараз, Шымкент және Түркістан) пилоттық режимде енгізілген болатын. Алдағы уақытта жобаны еліміз бойынша жүзеге асыру жоспарланған. Жүйе мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға және бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу