Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы бір айда 2,6 пайызға төмендеді

718

2018 жылғы шілдеде ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 27 122 теңгені құрады.

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы бір айда 2,6 пайызға төмендеді

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда 2,6%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

Ал 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 5,9%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 19,4%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14,9%, жемістер мен көкөністерді – 11,5%, нан және жарма өнімдерін – 7,1%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,1%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу