Ең төменгі күнкөріс деңгейі 3%-ға өсті

970

Қазақстан бойынша жан басына шаққандағы орташа көрсеткіш – 31,6 тың теңге.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 3%-ға өсті

Бір айда ең төменгі күнкөріс деңгейі 3%-ға өсті, ал бір жылда 14%-ға жоғарылады, деп хабарлады Finprom.kz. 

Бұл ретте айлық инфляция 1%-ды, жылдық 6%-ды құрады. Елімізде күнкөріс деңгейі ең төмен өңір Батыс Қазақстан (28,2 мың теңге). Аталған аймақ республика бойынша жоғары көрсеткішке ие елордамен (36,4 мың теңге) салыстырғанда 22%-ға артта қалды. 

ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2020 жылдың сәуірінде Қазақстан бойынша жан басына шаққанда орташа төменгі күнкөріс деңгейі 31,6 тың теңгені құрады. Осылайша наурыз айымен салыстырғанда көрсеткіштер 2,8%-ға жоғарылаған. Ал 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 13,5%-ға артты. Мәселен 2020 жылдың наурызында бұл көрсеткіш 30,7 мың теңге болатын. 
2020 жылдың сәуірінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 0 мен 13 жас аралығындағы  балалар үшін  25,46 мың теңге, 30 жасқа дейінгі жұмыс істейтін ерлер бойынша 36,8 мың теңге, әйелдерге 29,8 мың теңге, ал зейнет жасындағы ер азаматтар үшін 31,7 мың теңге, әйелдерге 27,3 мың теңгеге тең. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу