Ең төменгі күнкөріс деңгейін өсіру ұсынылды

865

Шілдеде жылдық инфляция 7,1 пайыз болса да, Үкімет индексация жүргізген жоқ. 

Ең төменгі күнкөріс деңгейін өсіру ұсынылды

Депутаттар ең төменгі күнкөріс деңгейін өсіру керек деп есептейді. Қазір оның көлемі 32 668 теңге. Яғни, дәл осынша сомаға бір адам ай көлемінде өмір сүре алады деп есептелген, деп хабарлайды Atameken Business.

Мәжілісмен Аманжан Жамаловтың айтуынша, мұндай стандарттар халықтың сенімін жояды.

Сондай-ақ, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен қызмет көрсету қымбаттап, шілдеде жылдық инфляция 7,1 пайыз болса да, Үкімет индексация жүргізген жоқ. Сондықтан, министрлер кабинеті ең төменгі күнкөріс дейін қайта есептеуге тиіс, дейді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу