Ең төменгі күнкөріс мөлшері орта есеппен 34 мың теңгеге жетті

755

Өңірлер бойынша салыстырсақ, ең жоғарғы күнкөріс мөлшері Маңғыстау облысында тіркелген – 39 мың 900 теңге.

Ең төменгі күнкөріс мөлшері орта есеппен 34 мың теңгеге жетті

Ең төменгі күнкөріс мөлшері орта есеппен 34 мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың шілде айынан 14%-ға жоғары. Дегенмен, инфляцияның өсуінен оның құны жоғалмақ. Ұлттық банктің дерегінше, қазір ол 7% шамасында тұр.

Коронадағдарыс кесірінен жыл соңында инфляция 9-11%-ға дейін барады деп күтілген. 34 мың теңгенің 55%-ы, яғни 18 мың 700 теңгесі азық-түлік себетіне, 15 мың 300 теңгесі тұрмыстық қажеттіліктер мен коммуналдық қызмет ақысын төлеуге жұмсалады деп есептелген.

Өңірлер бойынша салыстырсақ, ең жоғарғы күнкөріс мөлшері Маңғыстау облысында тіркелген – 39 мың 900 теңге. Жылдық өсім – 8,2% тең. Екінші орында Нұр-Сұлтан – 39 мың 500 теңге. Үштікті Алматы 37 мың 300 теңгемен түйіндейді. Ал аутсайдерлер қатарында Батыс Қазақстан, Жамбыл және Ақтөбе облыстары бар. Atameken Business бейнематериалында:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу