Ең төменгі жалақы бұдан аз төлеуге болмайды деген сөз – депутат

407

Келесі жылы ең төменгі жалақы мөлшері 110 мың теңгеге дейін көтеріледі.

Ең төменгі жалақы бұдан аз төлеуге болмайды деген сөз – депутат Фото: Depositphotos.com

Құрылтай депутаты Олжас Құспеков ең төменгі жалақыға экономикалық көрсеткіш ретінде қарау қажет екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншіден, Президент Жолдауда Ұлттық банк пен Үкіметке келісіп, инфляцияны ауыздықтау мәселесін тапсырды. Одан кейін экономикаға құйылатын қаражатты, айлықтың өсетінін айтты. Экономикаға үлкен қаражат құйылатындықтан, арты инфляцияға, қымбатшылыққа ұласпауы тиіс. Біріншіден, Ұлттық банк пен Үкімет бірлесіп, инфляцияны ауыздықтау мәселелерін шешуі керек. Оның нақты механизмдері керек", – деді ол Құрылтай кулуарында.

Депутаттың сөзінше, ең төменгі жалақының көтерілуі халықтың үлкен тобын қамтитын жалақы емес.

"Бұған экономикалық көрсеткіш ретінде қарауымыз керек. Біз орташа жалақыны қарауымыз қажет. Ең төменгі жалақы бұдан төмен төлеуге болмайды деген сөз. Кәсіпорындар, жұмыс берушілер, мемлекеттік мекемелер бұл көрсеткіштен төмен төлей алмайды. Бірақ оның жоғарғы шегі жоқ. Менің білуімше, бұл айлықты алып жатқан азаматтар көп емес", – деп түсіндірді Олжас Құспеков.

Айта кету керек, бұған дейін Президент ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу