Ең үздік әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі онлайн өтеді

1039

Ең үздік әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі байқауына жұмыстар мен құжаттар 25 қыркүйекке дейінгі аралықта қабылданады.  

Ең үздік әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі онлайн өтеді

Түркістан облысының Үкіметтік емес ұйымдары арасында жыл сайын тұрақты түрде өткізілетін ең үздік әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі биылғы жылы онлайн режимінде өтетін болады, деп хабарлайды облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл жайлы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Азаматтық Альянсы заңды тұлғалар қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің президенті Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы мен "БЕРЕКЕ" қоғамдық бірлестігінің координаторы Андабаева Гүлсім Ахынбекқызы мәлімдеді.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі "Түркістан облысы аудандық ҮЕҰ-ның дамуына қолдау көрсету" жобасы шеңберінде жүзеге асуда. Аталған жоба Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен "Береке" қоғамдық бірлестігі мен "Түркістан облысы Азаматтық Альянс" заңды тұлғалар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткелі отыр.

Шәріпбек Жамалбекұлы онлайн байқаудың ережесімен таныстырып, көрсеткен қолдауы үшін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына алғысын білдірді.

Атап өтейік, байқаудың басты мақсаты - үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық бастамаларына қолдау көрсету, сондай-ақ облысымыздың әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін орындауда тұрғындардың қатысуын арттыру арқылы азаматтық қоғам институттарының дамуына ықпал ету.

Байқау міндеттері:

- ашықтық, есептілік және өзара жауапкершілік қағидаттарына негізделген әлеуметтік серіктестік негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуде мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдар мен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту;

- әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдық әлеуетін арттыру.

Ал байқауға қатысу үшін төмендегідей талаптар қойылады.

1. Байқауға үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына ақпарат берген Түркістан облысының ҮЕҰ-ры қатыса алады.

2. Жоба мақсатты топтардың белсенді қатысуымен қауымдастықтарды дамытуға және азаматтық қоғам ұйымдары, жергілікті билік органдары, бизнес және БАҚ арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталуы керек.

3. Ұсынылған жоба ұйымның жарғылық мақсаттарына сәйкес келуі керек.

4. Байқауға ұсынылған жобаларға серіктестердің көрсететін қолдауы серіктестік туралы меморандум, қолдау хат, немесе басқа да тиісті құжаттармен расталуы тиіс.

5. Өтінімді тапсыру кезінде төменде келтірілген барлық қажетті қосымшалар ұсынылуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу