Ең үздік бес биатлоншыға 3 млн теңге көлемінде сыйақы берілмек

535

Елімізде жастар мен жасөспірімдер арасында биатлоннан әлем чемпионаты өтіп жатыр. 

Ең үздік бес биатлоншыға 3 млн теңге көлемінде сыйақы берілмек Фото: baq.kz

Турнирге 40 мемлекеттен 500-ге тарта спортшы қатысуға ниет білдірген. Олармен бірге жанкүйерлері де ере келген. Негізі әлемдік шара Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр. Бәсекені елімізде ұйымдастыру үшін бес жыл уақыт кеткен.

Биатлон  - шаңғы жарысы мен винтовкадан ату өнерін үйлестірген қысқы олимпиадалық спорт түрі.  Сондықтан екеуіне де ептілік керек. 

"Жалпы биатлон өте қызық спорт түрлерінің бірі ғой. Өйткені мұнда шаңғымен сырғанап қана қоймайсыз. Нысананы кқздеуің керексің. Екеуі бір біріне өте байланысты. Сен атудан мүлт кетіп жатсаң одан кейін аяғынды іске қосып, шаңғымен қайтқан есеңді қайтарып алу мүмкіндігі бар", дейді Спорт комментаторы Жігер Азбергенов.

Спортшылармен бірге спорт комментаторлары да қалыспайды. Әбір сәтті қалт жібермей, жарыса пікір білдіруде. Тікелей эфирде жүргізушілер турнирді үш тілде жеткізіп отыр. Мұнда да кәсіби мамандар жиналған. Итальялық Луйс әлем чемпионаттарында қызмет етіп жүрген белгілі анонсер. 

Жарыс Ақмола облысы Шучинск қаласындағы шаңғы базасында өтіп жатыр. Қазақстан атынан 20 биатлоншы бағын сынап көрмек. Бұдан басқа чемпионатқа 41 елден 500-ге тарта спортшы қатысуда. Олардың арасында Швеция, АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Германия, Норвегия, Австрия, Канада, Швейцария, Жапония мен басқа да елдердің биатлоншылары бар. Олармен бірге жанкүйерлері де ере келген. 

Ерекше атап өтетін бір жайт бар. Әлемдік чемпионат елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мұның артында бес жылғы еңбек жатыр. 

"Өздеріңіз білесіздер Щучинскідегі стадион  2018 жылы ашылды. Бұл ересектер арасында өтетін жарыс стадиондарынан еш кем емес. Өте жақсы салынған. Трасса кең. Ең бастысы қар бар. Біз жарысты осында өткізу туралы өтінішті 2019 жылдан бастап бере бастадық. Конгрестерге қатыстық. Презинтация жасадық. Халықаралық биатлоншылар одағы тек 2021 жылы біздің өтінішімізді қанағаттандырды. Чемпионатқа қатысуға тіпті Тайланд, Чили сияқты экзотикалық елдерден келді", дейді Қазақстан Биатлоншылар одағының бас хатшысы Манас Үсенов.

"Менің ойымша бұл спорт түрінің әлеуеті зор. Дарынды азаматтар көп. Тек солардың жұлдызын жағу қажет. Сол үшін қолайлы жағдай жасап, болашақ чемпиондарды тәрбиелеп жатқан қадамдарыңыз құтты болсын деп тілеймін", дейді Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) президенті Олле Далин. 

"Болашақта осы спорт түрін дамытуға министрлік тарапынан мәдениет және спорт министрлігі тарапынан қол ұшын жасаймыз. Қолдау білдіреміз деген жоспарымыз бар.  Мемлекеттік бюджеттен бір тиын бұл шараға бөлінбеген. Қазақстандық федерация дүниежүзілік федерациямен бірлесіп осындай шараны қазақстандықтарға сыйлауда", дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Чемпионат 4-ші наурызда басталып 12-ші наурызға дейін жалғасады. Күнбе күн жеңімпаздарға медаль мен кәдесыйлар табыс етілуде. Қорытындысы бойынша 20 үздік спортшы анықталмақ. Соның ішінде кіл мықты бес биатлоншыға 3 млн теңге көлемінде сыйақы берілмек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу