Ең ықпалды бизнесменнің бірі Нұрлан Тілеубаев пен оның туыстарының мүлкіне тыйым салынды

2296

Қаржылық мониторинг агенттігі "Delta Bank" АҚ топ-менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең ықпалды бизнесменнің бірі Нұрлан Тілеубаев пен оның туыстарының мүлкіне тыйым салынды

Хабарламаға сүйенсек, Тілеубаев Нұрлан Сақтапбергенұлы ("Forbes" журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің қатарында) 2012-2017 жылдар аралығында қайтарымсыз кредиттер беру арқылы банктен ақша шығарып алып отырған.

"Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының жалпы сомасы 48 млрд болатын 5 қант зауытына, 20-дан астам жер теліміне, 70 жылжымайтын мүлкіне және 40 автокөлік құралына тыйым салынды. Соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінде, Ресей Федерациясында, Латвия және Чех республикаларында орналасқан активтерге тыйым салынды", – деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық әрекеттен келген залал 200 млрд теңге, 200 млн АҚШ доллары және 4 млн еуродан асады.

Қылмыстық іс сотқа жолданған, айыпталушылар қамауда.

Фото: fergananews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу