Бір қызығы, олардың жұмыстан босатудың себебі айтылмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматыдағы Фесенкова атындағы Астрофизика институтының Ай және планеталар физикасы зертханасының қызметкерлері өзінің кәсіби мерекесі – Ғылым қызметкерлері күні жұмыссыз қалды.
– Өкініштісі сол, жайсыз жаңалықты айтпақпын. Біздің зертхана, оның жетекшісі және қызметкерлері үшін бүгін "Помпейдің соңғы күні". Ертеңнен бастап біз институттан мүлдем күтпеген жерден және нақты себептерді түсіндірмей босатыламыз, – деді Виктор Тейфель.
Осы жылы – Ай мен планета физикасы зертханасының 55 жылдығы. Зертхана мұны атап өтпек те болыпты.
– Ол осы жылдар ішінде өзінің мәртебесін және зерттеудің негізгі бағытын сақтап қалды. Шетелдік әріптестеріміз атап өткендей, біз бұл жерде ізашар болдық. Ал қазір бұл бағыт базалық іргелі зерттеулер бағдарламасы аясында сақталып отыр, – деп қоса кетті профессор.
Ғалымдарды жұмыстан босату туралы Астрофизика институты түсіндіріп көрді. Олардың уәжінше, зертханадағы ең жас қызметкердің өзі – 76 жаста.
– Бүгінгі таңда зертхананың ең жас ғылыми қызметкерінің жасы 76 жасты құрайды. Ал В.Г.Тейфельдің өзі биыл 92 жылдығын атап өтті. Денсаулығының нашарлауына байланысты ол көру қабілетінен айырылды және өздігінен қозғалу мүмкіндігін жоғалтты, – дейді институттың баспасөз хабарламасы.
Сондай-ақ, құжатта "зертханада ғылыми сабақтастық механизмі жоқ, ал жұмыстан шығарылған қызметкерлер зейнеткерлік жасқа жетті" делінген. Виктор Тейфель мекемеде 1974 жылдан бастап өз бөлімшесін басқарып келген.
– Өкінішке қарай, зертхана құрамында жастардың болмауы мәселесі ұзаққа созылған және соңғы 20 жыл ішінде шешілмеген. Бұл ғылыми сабақтастық механизмінің толық жоғалуын көрсетеді. Институттың басқа зертханаларынан айырмашылығы жас мамандардың есебінен құрамның жүйелі жаңаруы байқалмайды, – делінген хабарламада.
Еңбек сіңірген ғалымдардың "ғылыми қызметтің тиімділігін арттыру және кадрлық әлеуетті дамыту мақсатында" жұмыстан шығарылғаны анықталды. Мекеме зертхананың қызметкерлерін жұмыстан шығару туралы алдын ала хабарламаған, әрі бұл туралы кәсіби мереке күні айтыпты.
Астрофизикалық институтты Василий Григорьевич Фесенков 1941 жылы Алматыда астрономдарды эвакуациялағаннан кейін құрылып, кейіннен оның есімін иеленді.
Мекеме – еліміздегі астрономия және астрофизика саласындағы іргелі зерттеулер жөніндегі жетекші ғылыми ұйым. Физика-математика ғылымдарының докторы Виктор Тейфель оның негізгі қызметкерлерінің бірі саналады.