"Ең жек көретін дүнием": Дәулет Мұқаев әнші Садраддиннің концертін сынады

702

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жас әнші Sadraddin-нің концертінің кеш басталғанына ашуланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ең жек көретін дүнием": Дәулет Мұқаев әнші Садраддиннің концертін сынады Фото: коллаж inbusiness.kz

“Біз Садраддиннің концертіне келдік. Екі баламды алып келдім. Бірақ концерт 19.00-де басталу керек еді. Сағат 19.40 болды, әлі басталған жоқ. Бұл адамның психологиясын бұзады. Менің ең жек көретін дүнием. Бір жерге бару үшін “Әзір басталмайды” деп біреудің уақытын ұрлап жүріп алады. Бұл дұрыс емес. Егер дәл уақытында басталса, халық та сол уақытта кешікпей келуге тырысады. Сағат 19.46-да басталды. 82 минутта аяқталды”, – деп жазды мәжілісмен. 

Айта кетейік, әнші Садраддин елордада концерт өткізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу