Павлодар облыстық статистика департаментінің мәліметінше, облыстағы ең жоғары жалақыны екібастұздықтар алады. Мұндағы орташа еңбекақы 214 491 теңгені құрап отыр. Ал Павлодар облысындағы ең төменгі жалақы ақтоғайлықтарға тиесілі. Ақтоғай ауданындағы орташа еңбекақы – 131 537 теңге.
Салалар бойынша ең жоғары жалақы (267 180 теңге) тау-кен өнеркәсібіне тиесілі. Бұл орташа облыстық деңгейден 1,5 есе жоғары. Сондай-ақ, қаржы және сақтандыру қызметінің де еңбекақысы жоғары. Мұндағылар 222 694 теңгеге дейін жалақы алады. Көрсеткіш облыстық деңгейден 1,2 есе жоғары.
2020 жылдың қаңтар-маусым аралығында облыс кәсіпорындарындағы бір қызметкердің орташа номинальды еңбекақысы 178 739 теңгені құраған.
Павлодар облысы бойынша ең төменгі жалақыны әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласының өкілдері алады – 102 472 теңге. Бұл көрсеткіш орташа облыстық деңгейден 42,7 пайызға төмен.
Фархат Әміренов