"Бірге – пайдамен қоғам үші" атты дөңгелек үстелде Enactus Kazakhstan жастар жылдығы қызметінің қорытындылары талқыланды.
Қорытынды дөңгелек үстел Қазақстан бойынша елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған оқыту іс-шараларының циклін біріктірді.
Инновациялық ойлауды, әлеуметтік кәсіпкерлікті, бизнесті жүргізудің практикалық дағдыларын, қаржылық сауаттылықты дамыту – осы салалардың барлығы Қазақстан өңірлері бойынша өткізілген семинарлар, тренингтер, форумдар барысында қозғалды.
"Биыл ENACTUS Kazakhstan үшін өте жемісті жыл болды, жалпы іс-шараларға бірнеше мың адам қатысты, бұл тағы бір рет Enactus ұйымының ең тиімді студенттік бағдарламалардың бірі екенін көрсетеді", – деп атап өтті жиында Raimek Holding Директорлар кеңесінің төрағасы, Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов.