Еңбек адамы: Байыту фабрикасындағы 32 жыл

385

Ол компрессорлық станциядағы ең тәжірибесі мол жұмысшы.

Еңбек адамы: Байыту фабрикасындағы 32 жыл Фото: Inbusiness.kz

"Атамекен бизнес" "Қазақмыс" компаниялар тобының зауыттары мен шахталарында тер төгіп жүрген азаматтар жайлы сюжеттер сериясын жалғастырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Кезекті материал Жезқазған байыту фабрикасында 32 жыл қызмет еткен еңбек адамы турасында. Өндіріс саласының үздігі Гүлнар Сәуленбекова жайлы бірге тамашалайық.

Гүлнар Сәуленбекова Жезқазған байыту фабрикасында компрессорлық қондырғылардың машинисі болып жұмыс істейді. Оның "Еңбек ері" атағын иеленуі бекер емес. Қазақстанның тәуелсіздігіне қанша жыл болса, Гүлнардың компрессорлық цехта еңбек етіп жүргеніне сонша уақыт болған.

"Компрессорлық станцияға 1991 жылы келдім. Ол кездері бізде ескі қондырғы болған, 2013 жылдан жаңасымен жұмыс істеп келеміз. Жұмысымыз қауіпті. Біздің міндетіміз  қондырғының жұмысын, параметрлерін, қысымын қадағалау. Бір нәрсені дұрыс істемей қалсаң, өрт шығып, жарылыс болуы мүмкін. 32 жылдан бері өзімді басқа жерде елестете алмаймын. Мұнда бастысы  жауапкершілік. Барлығын қадағалап, өз бақылауыңда ұстап отыру қажет", - дейді Жезқазған байыту фабрикасының компрессорлық қондырғылар машинисі Гүлнар Сәуленбекова.

Әріптестері Гүлнар Сәуленбекова жайлы тек жақсы пікірде. Ол өз жұмысын сапалы орындап қана қоймай, жастарға білгенін үйретіп, тәжірибесін бөлісіп жүреді, дейді.

"Ол компрессорлық станциядағы ең тәжірибесі мол жұмысшы. Машинистердің барлығын дерлік сол кісі үйреткен. Өте еңбекқор, жұмысын басынан-аяқ тиянақты орындайды. Цех жарылу қаупі жоғары стратегиялық нысан. Осы цех болмаса, фабрика да, мыс зауыты, Жылу электр орталығы да жоқ деген сөз. Көп нәрсе бізге байланысты. Біз жасап шығаратын сығылған ауа арқылы жалпы процесс іске қосылады", - дейді Жезқазған байыту фабрикасының компрессорлық қондырғылар машинисі Валентина Васильева.

Осында өткізген 32 жыл ішінде Гүлнар Сәуленбекова таңдауына еш өкінген емес. "Еңбек адамы" 100 пайыз өз ісін тапқанына сенімді. Оның үстіне, ұйымшыл ұжымға түсіп, жолым болды, дейді. Кез келген жұмыс орнына ең қажет нәрсе осы деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу