"Еңбек" бағдарламасы бойынша микрокредит пен грант беріліп жатыр

1192

Субсидияланатын жұмыс орындарының саны 211 мыңға жетті.  

"Еңбек" бағдарламасы бойынша микрокредит пен грант беріліп жатыр

Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. 

"Жұмыспен қамту мәселесі арнайы құрылған ведомствоаралық комиссияның 6 отырысында қарастырылды. Мемлекеттік органдарға, өңірлерге 50-ден астам нақты тапсырма берілді. Жұмыспен қамту жол картасы бойынша жобалардың төрттен бірі білім саласындағы нысандарға қатысты болды. Оның ішінде 1 400-ге жуығы мектеп, балабақша, интернаттарды құрайды", – деді Ералы Тоғжанов. 

Вице-премьердің сөзінше, жобаларға 50% қызметкерлерді жұмыспен қамту орталықтары арқылы тарту талабы толық орындалды.   

"Еңбек" бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам микрокредит пен грант беріліп жатыр. Оның ішінде 30% аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар және жастар құрайды. Мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарының саны  90 мыңнан 211 мыңға өсті", – деді Ералы Тоғжанов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу