"Еңбек" бағдарламасына 584 мыңнан астам адам қатысты

782

Биылғы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 584 мыңнан астам адам "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды, оларға 689,2 мың жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары көрсетілді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Еңбек" бағдарламасына 584 мыңнан астам адам қатысты

434,3 мың адам жұмысқа орналастырылып, оның 315,3 мыңы тұрақты жұмысқа тұрған.

"Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 16,9 мың адам, ТжКБ бойынша оқуға 15 мың адам жіберілді. 8 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 22,8 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік грант алды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 172,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 17,9 мың адам; жастар практикасына – 25,4 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 129,5 мың адам",- деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1 814 отбасы немесе 6 102 адам қоныс аударған, оның ішінде 2 610 адам еңбекке қабілетті жаста. Олардың 1 866-сы жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылған. 130 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 8 адам оқуға жіберілген.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысқан болатын. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылып, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу