"Еңбек" бағдарламасына қатысқан 30 мың студент шәкіртақы алады

755

Бағдарлама аясында 30 мың студент әлі оқуын жалғастырып жатыр.  

"Еңбек" бағдарламасына қатысқан 30 мың студент шәкіртақы алады Фото: egemen.kz

Қазақстанда 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы аяқталды. Оған қатысқан студенттерге мемлекеттен шәкіртақы төленіп келді. Алайда, биыл бағдарламаның аяқталуына байланысты бағдарлама аясында әлі оқуын жалғастырып жатқан студенттерге стипендия төлеудің заңды негізі жойылған болатын.

Осыған орай, Ғылым және жоғары білім министрлігі Үкіметтің "Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" қаулыға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құжаттағы өзгеріске сәйкес, 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының шеңберінде оқуын жалғастыратын студенттерге мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелеріне қарамастан төленеді.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі кезде бағдарлама аясында әлі 30 мың студент оқуын жалғастырып жатыр. Олардың 3 мыңы оқуын 2023 жылға қарай аяқтайтын болса, 2024 жылы 27 мың студент оқу бітіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу