Еңбек дауы екі есеге азайған

746

Биыл Еңбек жанжалдарының алдын алу және оларды шешу жөніндегі кешенді жоспар іске асырылып, соның нәтижесінде еңбек саласындағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге жол ашылған. 

Еңбек дауы екі есеге азайған

Үкімет басшысы Асқар Мамин елімізде жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің арасында мүдделер тепе-теңдігі сақталуы тиіс екенін атап айтты.

"Қазіргі таңда жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек қарым-қатынасын реттеу жөніне үш жақты комиссиялар жұмыс істейді. Олар 22 салалық және  200-ден астамы өңірлік келісімдер жасады. Бұл құжаттар еңбек саласында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді", - деді Үкімет басшысы. 

Премьер-министрдің айтуынша, Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәсіпорындардағы жанжалдар саны Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарындағы мұнай-газ және мұнай сервисі секторларында 2 есеге қысқарған

Сондай-ақ, жыл басынан бері 4,2 млрд теңге жалақы бойынша берешек өтеліп, 31 мың жұмыскердің мүддесі қорғалған. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу