Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда өтінімді электрондық форматта беруге болады

637

Бұрын өтініштер ХҚКО және медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері арқылы қағаз түрінде қабылданған еді.

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда өтінімді электрондық форматта беруге болады

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төлем тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті алуға өтінішті енді электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады, деп жазады inbusiness.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сүйеніп.

Ал енді eGov.kz порталы арқылы "Отбасыларға көмек" бөлімінде өтініш беру үшін "Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау" тармағын таңдау қажет.

Осыдан кейін пайдаланушы порталда авторизациялануы, онлайн қызметке тапсырыс беруі, барлық міндетті мәліметтерді толтыруы және өтінімге электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қоюы қажет.

Қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды. Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі.

Қызметті алу үшін мүгедектіктің болуы және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы ақпарат (МӘС бөлімінің қорытындысы), сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және оған соңғы 24 айда түскен түсімдер туралы деректер талап етіледі, олар Еңбекминінің ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде тексеріледі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу