Еңбек инспекторлары 15,3 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғады

399

4 млрд теңге төленді.

Еңбек инспекторлары 15,3 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғады Фото: inbusiness.kz

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 597 кәсіпорны 18,2 мың жұмыскерге 4,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР Еңбекминге сілтеме жасап.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 657 нұсқама беріліп, 87,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,3 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд теңге төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу